Атырау, 21 шілде 10:49
 дождьВ Атырау +23.2
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

​«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды​

238 рет қаралды

Эрик Сағиев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті жақында компаниядан кетуге шешім қабылдаған Булат Закиров атқарған еді. 

Жаңа қызметінде Сағиев холдингтің негізгі бағыттарына — мұнай тасымалдау және халықаралық активтерді басқару ісіне жауапты болады. Сондай-ақ, бұл қызметті Э.Сағиев KMG International N.V. бас атқарушы директоры қызметімен қоса атқарушы болып тағайындалғаны хабарланды. 

Білімі

Э.Сағиев Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша, сондай-ақ М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

  • Әр жылдары «Bonatti S.p.A», «Karachaganak Petroleum Operating B.V.», «Интергазстрой» компанияларында және Астана қаласының «Сарыарқа» кәсіпкерлер қауымдастығында жұмыс істеді.
  • 2022–2024 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары.
  • 2024–2025 жылдары – KMG International N.V. бас операциялық директоры.
  • 2025 жылдың сәуір айынан бастап KMG International N.V. (Rompetrol) компаниясының бас атқарушы директоры болып еңбек етіп келеді.
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ретінде Э.Сағиев мұнай тасымалдау мен халықаралық активтер бағытын басқарады.

Бұған дейін осы лауазымда болған Болат Закиров қызметінен өз еркімен кетті. ҚМГ басшысы Асхат Хасенов Б.Закировке қажырлы еңбегі мен ұлттық компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Кеше, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.