Атырау, 21 шілде 10:49
 дождьВ Атырау +23.2
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

​Атырауда 858 миллион теңгенің жүзбелі су алу станциясы күтілуде

229 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Жаңа станция Бірінші учаскедегі 1939 жылы салынған ескі нысанды толық алмастырады.

Еске сала кетсек, құны 858 млн теңге, ал қуаты тәулігіне 180 мың текше метрді құрайтын жүзбелі сорғы станциясы Челябинск мобильді энергия қондырғылары мен конструкциялары зауытында жасалып жатыр. Жобаның бас мердігері — «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС, ал тапсырыс беруші — қалалық құрылыс бөлімі.

Станцияның өзен бойымен қозғалуға және сонымен қатар суды үздіксіз беруді қамтамасыз етуге техникалық мүмкіндігі бар. Ол өзендегі су деңгейінің ауытқуына тәуелді емес, сондай-ақ оның жұмысына мұздың қатуы немесе сең жүруі әсер етпейді.

Станцияның дайын модульдік конструкциялары Челябинскіден Атырауға жаздың соңына дейін жерүсті көлігімен жеткізіледі деп күтіледі. Кейін олар қала шетінде құрастырылып, суға жіберіледі.

Атырау қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, бұл жоба аясында (жаңа станциядан бөлек) коллектор, жиынтық трансформатор қосалқы станциясы, дизельді электр станциясы, сондай-ақ сыртқы электрмен жабдықтау кабельдеріне арналған эстакада құрылысы қарастырылған.

Қазір негізгі технологиялық жабдықтарды сатып алу «Technical Providing» ЖШС және «WILO SE» компаниясы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Құрылыс алаңына үш жұмысшы және екі резервтік сорғы жеткізілді. Сонымен қатар, сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу жұмыстары 71%-ға орындалды.

Құрылыстың техникалық қадағалауын «БКА-Групп» ЖШС, ал авторлық қадағалауын «Казахский Водоканалпроект» ЖШС жүргізіп жатыр. Бірінші учаскедегі бүкіл инженерлік-коммуникациялық құрылыстар кешенін биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Лев ГУЗИКОВ

Кеше, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.