
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып Елжас Өтіншиев тағайындалды. Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы қабылдады.
Білімі
Елжас Өтіншиев нақты ғылымдар саласында жоғары академиялық дайындыққа ие. Ол Мәскеу физика-техникалық институтында (МФТИ) «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолы
«ҚТЖ»-ның жаңа басшысы еңбек жолын халықаралық консалтинг саласында бастап, кейін ұзақ жылдар бойы «Самұрық-Қазына» қорының құрылымдарында қызмет атқарған.
2007 жыл – Ernst & Young халықаралық компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде еңбек жолын бастап, бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінде кеңесші болып жұмыс істеді.
2009–2019 жылдар – «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында түрлі лауазымдарды атқарды.
2021–2023 жылдар – Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) ұйымында басшылық қызметтерде болып, инвестициялық портфельді басқаруға жауапты болды.
2023 жылдың сәуірінен бастап – «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры әрі басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, тау-кен және теміржол салаларындағы ірі портфельдік компанияларын үйлестірді.
Айта кету керек, Елжас Өтіншиев теміржол саласының жұмыс ерекшелігін жақсы біледі. 2024 жылдың ақпан айынан бастап ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің құрамында болды.
Мемлекет алдындағы еңбегі үшін Елжас Өтіншиев 2023 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
В Атырау +24.2