
Ақ үй қызметкеріне Трамптың сөздеріне байланысты ставкаларды ұйымдастырды деген айып тағылды, деп хабарлайды америкалық БАҚ. Бұл туралы АА жазады.
Телесуфлерге жауапты көпжылдық қызметкер Гэбриел Перес АҚШ президенті Дональд Трамптың сөздерінің мәтініне қатысты букмекерлік сайт арқылы ставкалар ашты деген күдікке ілінді.
Перес 2016 жылы, Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде жұмысқа қабылданған. Қазір ол сот ісіне қатысып жатыр. БАҚ дерегінше, оған президенттің сөз мәтіндеріне байланысты ставкаларды ашты деген айып тағылған.
Букмекерлік сайттың адвокаты Роберт Дено әлеуметтік желідегі жазбасында Перес ашқан ставкалардың тексеріліп жатқанын, ақпараттың құзырлы органдарға берілгенін мәлімдеді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифингте Перестің ақысыз демалысқа жіберілгенін айтты.
«Трамп бұл жағдайды аса өкінішті әрі масқара деп санайды», — деді Ливитт.
В Атырау +31.2