Атырау, 17 шілде 19:57
 снегВ Атырау +31.2
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

Атырау – Ақтөбе пойызында жолаушы көз жұмған: жолсерік заң бұзды

149 рет қаралды
Сурет: «Қазақстан темір жолы» АҚ
Сурет: «Қазақстан темір жолы» АҚ

Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында күтпеген оқиға болды: жол үстінде 44 жастағы ер адам жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды hronika.kz.

Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, ол билетсіз пойызға отырған. Жолсерік заңсыз жолаушыны жасырмақ болып, қайтыс болған адамның жеке куәлігін пайдаланып, оның атына билет рәсімдеген.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталды. Қазіргі уақытта вагон жолсерігі мен учаске бастығына қатаң сөгіс берілген. Тексеру қорытындысы бойынша оларды теріс себеппен жұмыстан босату ықтималдығы жоғары.

Оқиғаға қатысты полиция да тергеу жүргізіп жатыр.

Бүгін, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.