Атырау, 19 сәуір 01:29
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Аудан жаңалықтары

2 082 просмотра

Түйе сырғалау басталды

Жылыой ауданында түйе сырғалау жұмыстары жүріп жатыр.

Бұдан бұрын ауданда ірі қара мен қой-ешкі сырғаланған болатын. Енді түйелердің нақты есебін базаға енгізу қолға алынды. Бүгінде аудан бойынша 8 мыңға жуық түйе сырғаланады деп жоспарланып отыр.

***

 

Жерлер игерілмеген

Жылыой ауданында 100-ге жуық заңды және жеке тұлғалардың жерді мақсатты пайдаланбай отырғаны анықталды. 50-ге тарта адамға жазбаша ескерту берілді.

***

 

Шөп дайын тұр

Қазір Исатай ауданындағы пішен қоры 76 110 тоннаны құрап отыр.

Исатай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Қадыржан ЕРМҰХАНОВТЫҢ мәлімдеуінше, ауданда шөп дайындау жұмысы 115 пайызға орындалған.

***

 

65 пәтер берілді

Жуырда «Теңізшевройл» ЖШС Құлсары қаласының апатты үйлерде тұрып жатқан тұрғындарына арнап көпқабатты үйлерден 65 пәтер сатып алып берді.

Ал онда уақытша көшірілген тұрғындар үшін тағы да демеушілікпен биылдан бастап жаңа баспана тұрғызу қолға алынбақ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.