
Канададағы орман өртінің салдарынан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының Испания және Аргентина құрамалары арасындағы финалдық матчы басқа мерзімге ауыстырылуы мүмкін.
Бұл туралы аргентиналық Olé басылымы хабарлады. Жарияланым мәліметінше, өрттен шыққан түтін финалдық ойын өтуі тиіс Нью-Джерси штатындағы ауа сапасына айтарлықтай әсер еткен.
Финалдық кездесу 19 шілдеге MetLife Stadium стадионында жоспарланған. Алайда ауаның ластануына байланысты жергілікті билік пен ұйымдастырушылар матч алдындағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Испания мен Аргентина құрамалары Нью-Джерсиде дайындық жұмыстарын бастауы керек еді, бірақ қалыптасқан қолайсыз жағдай командалардың жаттығу процесіне кері әсер етуі мүмкін.
AS басылымының хабарлауынша, Нью-Джерси губернаторы ауа сапасына қатысты мәселелерді ескертіп, тұрғындарға, әсіресе халықтың әлсіз топтарына далада белсенді қозғалуды шектеуді ұсынды. Дегенмен, финалды ауыстыру туралы ресми шешім әлі жарияланған жоқ.
Испаниялық БАҚ та АҚШ-тың солтүстік-шығысын Канададағы өрттен шыққан қалың түтін басқанын жазуда. Бұл турнирдің басты матчы алдында үлкен алаңдаушылық туғызып отыр, бірақ соңғы шешім алдағы күндердегі жағдайдың дамуына байланысты қабылданады.
Еске сала кетейік, Испания мен Аргентина құрамалары бақ сынайтын ӘЧ-2026 финалы осы турнирдің ең басты бәсекесі болмақ.
В Атырау +31.2