
Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Токаев қол қойды.
Есет Байкен 1986 жылы 23 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданының Баршын ауылында дүниеге келген. Арнаулы орта және жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Құқықтану және қаржы бакалавры дәрежелері бар.
2008 жылы еңбек жолын Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастады. Әр жылдары елорда әкімдігінің құрылымдарында жетекші және бас маман болып жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап Астана әкімінің бас инспекторы және қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2016 жылы Президент Әкімшілігіне ауысып, онда Президент Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының сарапшысы, кейіннен мемлекеттік инспектор болды.
2019 жылғы ақпанда Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды.
Кейінірек Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы, «Сарыарқа» ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Енді Есет Байкен Ұлытау облысын басқарады.
В Атырау +32