Атырау, 17 шілде 16:22
 дождьВ Атырау +32
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

Жоғарғы Рада Корецкийді премьер қызметіне мақұлдады

96 рет қаралды

Украинаның Жоғарғы Радасы Сергей Корецкийдің премьер‑министр қызметіне кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бұл шешім 289 депутаттың дауысымен қабылданған.

Парламенттегі сөзінде Корецкий үкімет жұмысына «жауапкершілік, кәсібилік және адал ережелер» қағидатын енгізгісі келетінін айтты. Ол жаңа кабинет «қорғаныс, экономикалық даму және еуропалық интеграция үкіметі» болуға ұмтылатынын атап өтті.

Корецкийдің кандидатурасын Радаға 15 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский ұсынған. Екі сағаттан кейін депутаттар жаңа премьер ұсынған министрлер кабинетін де бекітті. Бірінші вице‑премьер Денис Шмыгаль өз қызметін сақтап қалды.

Сыртқы істер және қорғаныс министрлері лауазымдарына үміткерлерді президент кейін ұсынбақ.

Сергей Корецкий 1978 жылы Луцк қаласында туған. Луцк мемлекеттік техникалық университетінде оқыған. Студент кезінде «Континуум» тобында жұмыс істей бастаған, кейін WOG жанармай желісін дамытуға жауапты болған. 2022 жылы «Укрнафта» мен «Укртатнафта» компанияларын басқарды, ал 2025 жылы «Нафтогаз» басшысы қызметіне конкурс арқылы тағайындалды.

Оның алдында премьер болған Юлия Свириденко осы аптада отставкаға кеткен еді. БАҚ мәліметінше, оған АҚШ‑тағы Украина елшісі қызметі ұсынылған, бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартқан.

Бүгін, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.