Атырау, 17 шілде 15:04
 дождьВ Атырау +32
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

​Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық‑түлік тауарларының бағасы төмендеді

89 рет қаралды

15 шілдедегі жағдай бойынша ең көп арзандаған өнім – қияр, оның бағасы 4,6% төмендеді. Сондай‑ақ қызанақ пен сәбіз 3,2%, жұмыртқа 0,4%, ұн 0,3%, тауық еті 0,2% арзандағаны тіркелді.

Бағаның төмендеуі Ақтау, Қонаев, Жезқазған, Петропавл, Тараз, Қарағанды және Түркістан қалаларында байқалды. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семейде баға өткен апта деңгейінде сақталды.

Орташа есеппен республика бойынша қиярдың бір келісі 524 теңге болды, ең төмен баға Таразда – 357 теңге. Күріштің орташа бағасы 534 теңге, ең қолжетімдісі Қызылордада – 456 теңге. Қырыққабаттың орташа бағасы 198 теңге, ең төмені Түркістанда – 137 теңге. Жұмыртқаның орташа бағасы 561 теңге, ең төмені Қызылордада – 464 теңге және Оралда – 476 теңге.

Әлеуметтік маңызы бар азық‑түлік бағалары апта сайын Ұлттық статистика бюросы мен «Талдау» жүйесінде жарияланып отырады. Министрлік бекіткен тізімде 31 түрлі өнім бар.

Бүгін, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.