Атырау, 17 шілде 14:13
 дождьВ Атырау +31.1
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

Барлық банкке бір QR​: Қазақстанда бірыңғай төлем жүйесі іске қосылды

78 рет қаралды

2026 жылғы 19 шілдеде, жексенбі күні Қазақстанда Межбанктік мобильді төлем жүйесі ресми түрде іске қосылады. 

Бұл жүйе арқылы қазақстандықтар енді:

  • телефон нөмірі бойынша басқа банкке лезде ақша аудара алады;

  • кез келген банктің QR-коды арқылы дүкенде төлем жасай алады;

  • төлемдер тәулік бойы, нақты уақыт режимінде өтеді.

Ұлттық банк мәліметінше, барлық отандық банктер жаңа жүйеге қосылған. 

Кәсіпкерлер үшін де артықшылық бар: енді бірнеше терминал орнатудың қажеті жоқ, бір QR-код арқылы кез келген банктен төлем қабылдай алады. Жаңа жабдық сатып алудың да қажеті жоқ – бұрынғы терминалдарда-ақ жұмыс істейді.

Жүйені пайдалану үшін азаматтарға өз банктерінің мобильді қосымшаларын жаңарту немесе қолдау қызметіне жүгіну ұсынылады.

Ұлттық банк жариялаған статистика:

  • 6,3 трлн теңге – Ұлттық төлем жүйесі тәулігіне өңдейтін ақша көлемі;

  • 340 млрд цифрлық теңге – айналымға шығарылған;

  • 3,5 млн сұраныс – ай сайын биометриялық сәйкестендіру сервисі өңдейтін өтініштер;

  • 165 мың заңсыз әрекет – қаржы пирамидалары, көлеңкелі ойын бизнесі және алаяқтықты анықтап, тоқтатқан Ұлттық антифрод-орталықтың нәтижесі.

Ұлттық банк жаңа реформалар қарапайым азаматтар мен бизнеске жеңілдік әкеліп қана қоймай, қаржы нарығын кибершабуылдар мен алаяқтықтан қорғауға көмектеседі деп сендіреді.

Бүгін, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.