Атырау, 17 шілде 14:13
 дождьВ Атырау +31.1
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

Ұлытауда алименттен жалтарған 22 борышкер анықталды

82 рет қаралды

Ұлытау облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің табысын жасырғаны анықталды. 

Прокуратураның тексеруі барысында балаларын асырауға қаражат төлемей жүріп, букмекерлік платформаларға ақша жұмсаған 22 адам әшкереленді.

Мысалы, 3,9 млн теңге берешегі бар борышкер 2020 жылдан бері букмекерлік кеңседе тіркеліп, жеке шотына 4,6 млн теңге салып, 3,1 млн теңге ұтыс алған. Бірақ бұл қаражат балаларын асырауға бағытталмаған.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы («балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Прокуратура ата-аналарды ескертеді: алимент төлеу – заңмен бекітілген міндет. Табысты жасыру немесе қаражатты балалардың мүддесіне қайшы жұмсау қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.

Бүгін, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.