Атырау, 17 шілде 13:47
 дождьВ Атырау +31.1
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

Иран АҚШ соққыларынан алты көпірдің зақымданғанын мәлімдеді

94 рет қаралды

Иран билігі АҚШ әуе шабуылдары салдарынан Хормозган провинциясының Хамир ауданындағы алты көпірдің зақымданғанын хабарлады, деп жазады АА. 

Мемлекеттік IRNA агенттігі дерегінше, соққылар Бендер-Аббас – Хамир – Лар бағытындағы бірнеше көпірге, сондай-ақ Кухористан – Лар жолындағы екі көпірге және Мару ауылындағы көпірге тиген.

Бұл оқиға АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның энергетикалық және көлік инфрақұрылымына шабуыл жасау туралы мәлімдемесінен кейін орын алды. Ол «келесі аптада электростанциялар мен көпірлерді істен шығарамыз» деп ескерткен болатын.

Иран тарапы мұндай әрекеттерге жауап ретінде аймақтағы АҚШ әскери базалары мен нысандарына соққы беретінін мәлімдеді.

Бүгін, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.