
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды.», – делінген ресми хабарлама мәтінінде.
Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары мемлекеттік қызметте бірқатар жауапты лауазымдарды атқарды:
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды;
2016–2018 жылдары Атырау қаласының әкімі болды;
2020–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды;
2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметіне 2022 жылдың сәуір айында тағайындалды. Өңірдің жаңа әкімі болып кімнің тағайындалатыны әзірге хабарланған жоқ.
В Атырау +25.8