Атырау, 11 желтоқсан 01:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

БЖЗҚ: процесс басталды

3 298 просмотра

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру туралы әңгімелер сөзден іске көшкен. Жақында «БЖЗҚ» АҚ құру процедурасы аяқталды. Осы жерге бүкіл жеке зейнетақы қорларындағы салымшылардың зейнетақы жинақтары құйылуы тиіс. Мұның қалай болатынын «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Вячеслав ЖҰМЫРОВ әңгімелеп берді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ базасында құрылды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясына сәйкес қордың бірден-бір акционері үкімет боп табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сақтау мен есебін жүргізуді, сондай-ақ, инвестициялық басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асыратын болады.  

Ұлттық банк зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін БЖЗҚ-ға қабылдау-өткізу кестесін бекітті

«Республика» ЖЗҚ: 11 қазан 2013 жыл – 11 қаңтар 2014 жыл;

«Отан» ашық жинақтаушы қоры: 29.10.13 – 29.01.14;

«Капитал» ЖЗҚ: 18.11.13 – 18.02.14;

«Атамекен» ЖЗҚ: 09.12.13 – 09.03.14;

«Астана» ЖЗҚ: 03.01.14 – 03.03.14;

«НефтеГаз-Дем» ЖЗҚ:  23.01.14 – 23.03.14;

«Грантум» ЖЗҚ: 10.02.14 – 10.05.14;

«Ұлар-Үміт» ЖЗҚ: 03.03.14 – 03.06.14;

Қазақстан Халық банкінің ЖЗҚ: 26.03.14 – 26.06.14.

Әр зейнетақы қорынан зейнетақы активтері мен келісімшарт міндеттемелерін қабылдау-өткізу БЖЗҚ-да 2013 жылдың 11 қазанында басталып, 2014 жылдың 26 маусымына дейін жалғасады, - дейді В. Жұмыров. – Процедураның өзі екі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Алдымен БЖЗҚ базасына әрбір салымшы мен оның зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер енгізіледі. Мұнда аударылған уақытта белгіленген жинақтар жарналармен және инвестициялық кірістермен қатар толық көлемде берілетін болады.

БЖЗҚ өз дерекқорына енгізілген ақпаратты басқа ЖЗҚ-ның жіберілген мәліметтерімен салыстырып, тізімдер жасап, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына (МЗТО) жолдайды. МЗТО алынған ақпаратты салымшылардың қолданылатын дерекқорымен салыстырады. Бүкіл салыстыру жұмыстарынан кейін БЖЗҚ-ға әр салымшының зейнетақы қорының өзгерісі туралы хабарлама жібереді.

Әрі қарай БЖЗҚ-ға салымшылар туралы тарихи және ілеспелі мәліметтер берілетін болады: зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңдегі жинақтаушының түскен жарналарының сомасы мен уақыты туралы ақпарат, қосымша мағлұматтар – телефон нөмірлері, электронды пошта және т.б. Осы ақпараттың барлығы салымшыларға түрлі қызметтер көрсету үшін БЖЗҚ дерекқорына құйылатын болады.

Мәліметтерді салыстыру мен ақпараттарды жіберу қабылдау-өткізу актісімен ресімделетінін атап өткен жөн. Оған барлық тараптар қол қойса, бұл беру процесінің аяқталғандығын білдіреді, – деп атап өтті В. Жұмыров.

Жеке қорлардан БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін берудің бүкіл процесі салымшылардың қатысуынсыз жүзеге асырылатын болады. Яғни, ешкімге қандай да болмасын құжаттарды жинаудың және ешқайда барудың қажеті жоқ, - дейді В. Жұмыров.– Егер салымшылар БЖЗҚ-ға аударылмас бұрын өз зейнетақы жинақтарының сомасын білгісі келсе, оларға өздерінің әзірге қолданыстағы зейнетақы қорына хабарласулары қажет.

Тамара СУХОМЛИНОВА

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:

Облыстағы БЖЗҚ Атырау филиалы мен оның бөлімшелерінің мекен-жайлары:

Атырау қаласындағы филиал: Сәтпаев даңғылы, 32-үй, 17-пәтер, тел. 20-08-96, 20-07-14;

Атырау қаласындағы №1 бөлімше: Сәтпаев даңғылы, 32-үй, 26-пәтер, тел. 20-07-08;

Исатай ауданындағы қызмет көрсету орталығы: Аққыстау с., Егемен Қазақстан көшесі, 14-үй, тел. 8 (71231) 21-849, 20-093;

Құрманғазы ауданындағы қызмет көрсету орталығы: Ганюшкин с., Ғилаев көшесі, 10-үй, тел. 8 (71233) 20-711, 20-890;

Қызылқоға ауданындағы қызмет көрсету орталығы: Миялы с., Құттыбаев көшесі, 9-үй, тел. 8 (71238) 21-462, 21-268;

Индер ауданындағы қызмет көрсету орталығы: Индер п., Бейбарыс көшесі, 2-үй, 22-пәтер, тел. 8 (71234) 22-198, 55-582;

Жылыой ауданындағы қызмет көрсету орталығы:Құлсары қ., Орталық ы/а, Махамбет даңғылы, 45-үй, 1-пәтер, тел. 8 (71237) 52-119, 52-063;

Мақат ауданындағы қызмет көрсету орталығы: Мақат п., Сәтпаев көшесі, 73-үй, тел. 8(71239) 30-091; Доссор п., Мұнайшылар көшесі, 1-үй, тел. 8 (71235) 23-027, 23-028;

Махамбет ауданындағы қызмет көрсету орталығы: Махамбет с., Абай көшесі, 14/1-үй, тел. 8 (71236) 21-217.

31 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.