Атырау, 16 шілде 17:26
 дождьВ Атырау +33.6
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01

​«Айыппұлды төлеуге тура келеді»: Әділет министрлігі Қашаған операторының триллиондаған қаражатты бұғаттау әрекетіне жауап берді

98 рет қаралды

«NCOC» консорциумының халықаралық арбитраж тыйымы туралы мәлімдемесіне қарамастан, Қазақстан Қашаған операторынан рекордтық экологиялық айыппұлды өндіріп алудан бас тартпайды. Әділет министрлігі жағдайға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, шетелдік коммерциялық трибуналдардың шешімдері республиканың егеменді заңдарынан жоғары тұра алмайтынын атап өтті.

Ведомство NCOC сілтеме жасап отырған UNCITRAL арбитражының аралық бұйрығының Қазақстан аумағында автоматты түрде заңды күші жоқтығын және отандық соттардың заңды күшіне енген үкімдерінің күшін жоя алмайтынын шегелеп айтты.

Жеке дауға қарсы егемендік

Әділет министрлігі коммерциялық арбитрлардың өкілеттігі мен мемлекеттің экологияны қорғау және өз азаматтарының мүддесін қорғау жөніндегі егеменді құқықтарының аражігін нақты ажыратып берді.

«Арбитраждық трибуналдың өкілеттігі жеке құқықтық коммерциялық дауды шешумен шектеледі және мемлекеттің егеменді жария-биліктік өкілеттіктерін жүзеге асыруына қатысы жоқ... Шетелдік коммерциялық арбитраждың қамтамасыз ету шарасы Республика заңнамасының императивті нормаларынан басымдыққа ие емес, экологиялық айыппұлды өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісінің орындалуына кедергі келтірмейді және мемлекеттің қоршаған ортаны әрі қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі өзінің егеменді өкілеттіктерін жүзеге асыруын шектемейді», — делінген Әділет министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Мерзім 20 шілдеде бітеді: мемлекеттік санкциялар дайын тұр

Қазақстан билігінің ұстанымы өзгеріссіз қалады. NCOC консорциумына күкіртті лимиттен тыс орналастырғаны үшін 2,3 триллион теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі (дедлайн) ағымдағы жылдың 20 шілдесінде аяқталатыны ескертілді.

Егер мұнай гиганты халықаралық трибуналдың шешімінен үміттеніп, бұл мерзімді елеусіз қалдыратын болса, мемлекет мәжбүрлі түрде өндіріп алу процедурасын іске қосады.

Мәжбүрлеп орындату жағдайында консорциумға қосымша санкция қолданылады:

  • Өсімпұл (пеня) көлемі өндірілетін соманың 10 пайызын құрайды;

  • Ақшалай эквивалентте бұл Қашаған операторыны үстінен тағы 230 миллиард теңге шығын әкеледі.

Бүгін, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.