Атырау, 16 шілде 15:09
 дождьВ Атырау +33.6
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01

Әкімшілік амнистия: 590 мың азамат айыппұлдан босатылды

102 рет қаралды

ІІМ амнистия туралы заңның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

1 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Конституция қабылдануына орай амнистия туралы заңға қол қойды. Бұл – ізгілікке негізделген маңызды шешім. 

Амнистия тек қоғам қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмейтін жағдайларда қолданылады.

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді. Оның аясында шамамен 590 мың азаматқа қатысты 1,3 млн-нан астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.

ІІМ амнистияның бір реттік шара екенін, ол болашақтағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті. Егер азамат қайтадан заң бұзса, толық жауапкершілікке тартылады.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов: «Заң және тәртіп қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның басты негізі» — деп мәлімдеді.


Бүгін, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.