Атырау, 16 шілде 14:32
 дождьВ Атырау +31.2
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01

Нидерландыда аптап ыстықтан 900-ден астам адам көз жұмды

100 рет қаралды

Ұлттық қоғамдық денсаулық және қоршаған орта институты (RIVM) дерегінше, 22 маусымнан 5 шілдеге дейінгі аптап ыстық кезінде елде күтілгеннен 900 адамға артық өлім тіркелді. Бұл туралы АА хабарлады.

Көпшілігі 80 жастан асқан адамдар болған. RIVM қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдардың ыстыққа аса осал екенін атап өтті: олардың ағзасы әлсіз жұмыс істейді, тер аз бөлінеді, сусыздану қаупі жоғары. Жүрек, қан тамырлары және өкпе аурулары бар адамдарда ыстық белгілерді күшейтеді.

Зерттеу барысында барлық аймақта өлім көрсеткіші артқаны анықталды, әсіресе температура ең жоғары болған оңтүстік пен шығыста. 22–28 маусым аралығында 586 артық өлім тіркелсе, 29 маусым–5 шілде аралығында тағы 325 жағдай қосылды. Бұл кезеңде адамдар ыстықтан кейінгі асқынулардан қайтыс болған.

Бұл оқиға Нидерланды метеорологиялық қызметі KNMI алғаш рет аптап ыстыққа байланысты ең жоғарғы деңгейдегі ескерту жариялаған жағдай болды. Бұған дейін, тіпті 2019 жылғы рекордтық температура кезінде де мұндай ескерту жасалмаған еді.

Бүгін, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.