
Астанадағы Байқоңыр ауданында орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта газ-ауа қоспасының жарылысы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылып, жарылыс самса пісіретін бөлмеде орын алған.
Оқиға салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы қирады. Құтқарушылар жедел жетіп, барлау барысында үш зардап шеккен адамды анықтап, оларды ауруханаға жеткізді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
В Атырау +31.2