
Meta-ның 26 қызметкері шілде айының соңында жұмыстан босатылатыны туралы хабар алғаннан кейін федералдық сотқа шағымданды, деп хабарлайды АА.
Олар компанияның 8 мың адамды қысқарту процесінде жасанды интеллект пен цифрлық бақылау жүйелерін қолданғанын айтып отыр.
Іс материалдарында қызметкерлерді жұмыстан шығару кезінде пернетақтадағы әрекеттерді қадағалау, өнімділік деректерін алгоритмдер арқылы өңдеу сияқты құралдар пайдаланылғаны көрсетілген.
Бұл жүйелердің талап еткен көрсеткіштерін ауруханада жатқан немесе белгілі бір шектеулері бар қызметкерлер орындай алмайды, сондықтан қысқарту әсіресе декреттік демалыстағы, бала күтіміндегі немесе еңбекке уақытша жарамсыз қызметкерлерге әсер еткені айтылған.
Meta компаниясы бұл айыптауларды негізсіз деп санайды және ұйымдық шешімдерді адамдар қабылдайтынын, жасанды интеллект тек көмекші құрал ретінде қолданылатынын мәлімдеді.
В Атырау +31.2