
Грузиядағы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шетелдік активі – Батуми мұнай терминалы (БМТ) – сегіз жылдық үзілістен кейін авиациялық керосинді ауыстырып тиеуді қайта бастады, бұл Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) бойынша Еуропадан Қазақстанға авиациялық отынды жеткізудің негізгі тірек нүктесіне айналды.
Терминал еуропалық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген JET A1 маркалы авиациялық керосинді өңдеуге кірісті, тасымалданатын жүктердің номенклатурасын кеңейтті. Көлемі 10 мың тонна авиациялық керосиннің бірінші партиясы БМТ-ға Қара теңіз арқылы теңіз көлігімен жеткізілді. Қазіргі уақытта жүк терминалда орналастырылған және Қазақстан Республикасына жөнелту үшін теміржол вагон-цистерналарының келуін күтуде.
JET A1 авиациялық керосині әуе кемелерін сенімді пайдалануды және авиатасымалдарды үздіксіз орындауды қамтамасыз ететін азаматтық авиация үшін негізгі отын түрлерінің бірі. Қазақстан Республикасын авиациялық отынмен тұрақты қамтамасыз ету көлік саласын дамыту, ұтқырлықты арттыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін маңызды мәнге ие.
JET A1 авиациялық керосинді ауыстырып тиеуді қайта бастау БМТ-ның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, Орта дәліз бойынша тасымалдарды дамытуға ықпал етеді, Халықаралық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттырады және «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының транзиттік әлеуетін нығайтады.
БМТ – авиациялық керосиннен басқа шикі мұнайды, мазутты, дизель отынын, автомобиль бензинін, керосиннің әртүрлі маркаларын, сұйытылған көмірсутекті газдарды және басқа да мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеуді қамтамасыз ететін мамандандырылған мұнай терминалы. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БМТ-да мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеу көлемі шамамен 725 мың тоннаны құрады.
В Атырау +31.2