Атырау, 16 шілде 11:08
 дождьВ Атырау +24.7
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01

Атырауда жаңа балалар ойын алаңдары ашылады

Бейнежазба
60 рет қаралды

Биыл Атырауда жаңа балалар ойын алаңдары пайдалануға беріледі. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Жаңа алаңдар Вокзал маңы, Сарыарқа ықшамауданы және Ғиззат Әліпов көшесінде салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін нысандарды тамыз–қыркүйек айларында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, қазір Атырау қаласында 500-ге жуық балалар ойын алаңы бар. Былтыр олардың 80-ге жуығы жаңартылып, пайдалануға берілді. Ал тозығы жеткен алаңдар «100 аула» жобасы аясында кезең-кезеңімен жаңғыртылуда.

Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан хабарлағандай, талапқа сай келмейтін ойын алаңдарына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Анықталған кемшіліктерді мердігер ұйымдар белгіленген мерзімде қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар ойын алаңдарының тазалығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Қаланы күтіп-ұстау жұмыстарына «Арнаулы автобаза» мекемесінің 400-ге жуық қызметкері жұмылдырылған..

Сонымен қатар биыл қалада «150 аула абаттандыру» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында аулаішілік автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары жөнделіп, балалар ойын және спорт алаңдары салынады. Сондай-ақ сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады.

Балалар ойын алаңдарын қасақана бүлдірген немесе зақымдаған азаматтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті әкімдік мамандары. 

Бүгін, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.