Атырау, 15 шілде 19:46
 дождьВ Атырау +29.8
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

Қазақстан Best Countries Index 2026 рейтингінде 75-орынға ие болды

85 рет қаралды

WPP, BAV және Пенсильвания университетінің Wharton School зерттеу орталығы дайындаған Best Countries Index 2026 рейтингінде Қазақстан 75-орынға ие болды. Зерттеу барысында 85 ел 73 көрсеткіш бойынша бағаланып, олар 10 негізгі категорияға топтастырылды.

Қазақстан сипаттамасында Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы әрі Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық көлік дәліздері бар геосаяси маңызды мемлекет ретінде аталды.

Ең жоғары нәтиже Қазақстанға Open for Business санатында тиесілі – 38-орын. Сонымен қатар ел Power санатында 51-ші, Movers – 72-ші, Quality of Life – 75-ші, Social Purpose – 71-ші орынға жайғасты. Ал ең төмен көрсеткіштер Agility (85-орын), Cultural Influence (79-орын), сондай-ақ Adventure, Entrepreneurship және Heritage санаттарында (82-орын).

ТМД елдері арасында Қазақстан орта деңгейде орналасқан: Ресей – 39-орын, Әзербайжан – 69-орын, Қазақстан – 75-орын, Өзбекстан – 77-орын, Беларусь – 84-орын.

Зерттеу авторлары Қазақстан экономикасының негізі мұнай-газ экспорты екенін, бірақ билік оны әртараптандыруға – өнеркәсіп, логистика және жаңартылатын энергетикаға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Елдің халықаралық көлік дәліздеріндегі орны оның жаһандық саудадағы маңызын арттырады.

Бүгін, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.