Атырау, 15 шілде 18:56
 дождьВ Атырау +29.8
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

​Ақтаудағы маркетинг: Джеки Чанның суреті пайдаланылған көлікті сату туралы хабарландыруда шықты

82 рет қаралды
Хабарландыруды жариялаған автордың суреті
Хабарландыруды жариялаған автордың суреті

Әлемге әйгілі актер әрі жекпе-жек шебері Джеки Чанның Ақтауға келуі қала көшелерінде үлкен дүрбелең тудырып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың кәсіпкерлік қабілетін де оятты. Қала тұрғындарының бірі голливудтық жұлдыздың келуін мықты маркетингтік құрал ретінде пайдалануды жөн көрген, деп хабарлайды Lada.kz.

Кейбір ақтаулықтар актерді қонақүйлердің маңында аңдып, мұрағаттық видеолармен бөлісіп жатқанда, 2013 жылы шыққан, қолданылған Skoda Octavia иесі бұл оқиғаға спорттық құмарлықпен қараған. Ол өз көлігін 4 321 000 теңгеге сатуға шығарып, хабарландыруға басты «ерекшелікті» қосқан.

Құпиясы бар сурет

Тауар карточкасындағы ең алғашқы сурет әлеуетті сатып алушылардың назарын бірден аударды: онда чехиялық шетелдік көліктің жанында аңызға айналған Джеки Чаннан айнымайтын ер адам суретке түскен.

Көліктің сипаттамасында сатушы стандартты параметрлерді көрсеткен: шанағы (кузовы) толықтай зауыта боялған, жағдайы жақсы, бірақ «сәл-пәл салымды қажет етеді». Әрине, иесі бірден саудаласуға және айырбастауға (обмен) дайын екенін мәлімдеген.

«Идея жүзеге асты»

Журналистер суреттің жақында ғана Маңғыстау облысына ұшып келген жұлдызға қатысы бар-жоғын білу үшін креативті автокөлік иесімен байланысты. Сатушы бұл қадамға жай ғана жалпы хайп толқынын ұстап қалу үшін барғанын ашық мойындады.

«Иә, мен осы шулы тақырып арқылы кішкене "хайп" жасауды жөн көрдім. Білесіз бе — бұл идея жүзеге асты! Осы ерекше фотоны жүктегеннен кейін, хабарландыру бойынша қоңыраулар мен хабарламалар саны бірнеше есеге артты», — деді Ақтау тұрғыны.

Нәтижесінде көлікті «Джеки Чанның» өзіне немесе оның жанкүйерлеріне сатудың сәті түсті ме, жоқ па, ол жағы хабарланбады. Дегенмен, ақтаулық маркетологтың Қазнетте танымал болып үлгергені анық.

Бүгін, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.