
Шымкентте кәсіпкерлердің құқығын бұзғанекі салық қызметкері әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Шымкент қаласының прокуратурасы Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан кәсіпкер мен инвестордың қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесті.
Прокурорлық қадағалау барысында кәсіпкерге 466,5 млн теңге сомасына заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізсіз жолданғаны анықталды. Ал іс жүзінде анықталған бұзушылықтардың көлемі 28 млн теңгені құраған. Мемлекеттік органның заңсыз әрекеттері кәсіпкер құқығын бұзған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз хабарлама күшін жойды. Кінәлі лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 216 250 теңге айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, кәсіпорынның банк шоттарына қойылған шектеуді уақытылы алып тастамау арқылы инвестордың құқықтарын бұзған тағы бір салық органының қызметкері әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратура кәсіпкерлер мен инвесторларға заңсыз әкімшілік қысым көрсету фактілерінің жолын кесу және олардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
В Атырау +29.8