Атырау, 15 шілде 17:56
 дождьВ Атырау +29.8
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

Теңге кір жуғышта қалса бүліне ме: Ұлттық банк ақшаның қалай тексерілетінін көрсетті

Бейнежазба
52 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Қазақстан Ұлттық банкі банкнот қағазы мен қорғаныш элементтерінің қалай кешенді сынақтан өтетінін көрсететін бейнеролик жариялады.

Ұлттық банктің мәліметінше, мамандар банкноттың күнделікті айналымда — жаңбыр астында қалғанда, кірлегенде, мың қолдан өткенде немесе кездейсоқ кір жуғыш машинаға түсіп кеткенде не болатынын алдын ала тексереді.

Сынақ кезеңдерінің бірі — кірлеуге төзімділікті тексеру. Ол үшін купюралардың күнделікті өмірде кездесетін кірлеу процесін имитациялайтын арнайы қоспа дайындалады. Қағаздың алғашқы сипаттамалары өлшенгеннен кейін, үлгілер ақша айналымының әсерін қайталайтын арнайы қондырғыға орналастырылады. Сынақ аяқталған соң мамандар банкноттардың көрсеткіштерін қайта өлшеп, өзгерістерді талдайды.

Сонымен қатар банкноттардың ылғалға және әртүрлі температуралық режимдерге төзімділігі жеке тексеріледі. Ұлттық банк купюраның кездейсоқ жуылып кету жағдайы да сынақ барысында ескерілгенін атап өтті. Мұндай сынақтар кезінде үлгілерге су, жуғыш заттар, механикалық үйкеліс және тұрмыстық жағдайларға жақын температура әсер етеді. Содан кейін мамандар қағаздың күйін, қорғаныш элементтерінің сақталуын бағалап, қосымша өлшейді.

Бұдан бөлек, банкноттар беріктікке, иілімділікке және тозуға төзімділікке сыналады.

Ұлттық банк мұндай зерттеулер заманауи технологияларды енгізуге және айналымдағы мерзім бойы сапасын, сенімділігін әрі қорғаныш қасиеттерін сақтайтын банкноттарды шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгін, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.