Атырау, 15 шілде 17:24
 дождьВ Атырау +32.5
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

​Қазақстанда темекі шегетіндердің қатары азайды — Ұлттық статистика бюросы

50 рет қаралды

Қазақстанда ересек тұрғындар арасында темекі шегетіндердің үлесі азайды. Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы темекі тұтыну туралы жыл сайынғы зерттеу нәтижесін жариялады.

Сауалнама қаңтар айында еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жүргізілді. Оған 12 мың үй шаруашылығынан 15 жастағы және одан үлкен бір-бір тұрғын қатысты.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта халықтың 15,1%-ы темекі шегеді. Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда (17,5%) 2,4 пайыздық тармаққа төмен.

Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі қалаға қарағанда жоғары: 17,8% және 14,0%. Ерлер арасында темекі тұтынатындар үлесі — 30,5%, ал әйелдер арасында — 4,9%.

Шылым шегетіндердің басым бөлігі кәдімгі зауыта шыққан темекіні таңдайды — олар жалпы темекі шегетіндердің 98,6%-ын құрап отыр. Электронды темекіні қолданушылар үлесі — 0,4%, темекіні қыздыру жүйелерін (IQOS, GLO) пайдаланатындар — 0,9%, ал темекі өнімдерінің басқа түрлерін тұтынатындар — 0,1%.

Ұлттық статистика бюросы бұл зерттеудің ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен 2020 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Сауалнама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ересектер арасындағы темекі шегуді жаһандық зерттеу (GATS) халықаралық әдістемесіне негізделген.


Бүгін, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.