Атырау, 27 тамыз 01:19
 дождьВ Атырау +23.5
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қарқын алды: 8,5 млн шаршы метр пайдалануға берілді

469 рет қаралды

Қазақстанда биылғы бірінші жартыжылдықта құрылыс саласы айтарлықтай өсім көрсетті. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 4,1 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артты. Ең жоғары өсім Ұлытау, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді.

Осы кезеңде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,7%-ға көп. Өсім 19 өңірде байқалып, ең жоғары нәтижелер Жетісу және Алматы облыстарында тіркелді.

Министрлік жаңа өндіріс орындарын іске қосу, локализациялау деңгейін арттыру және өңірлердегі инвестициялық белсенділікті ынталандыру арқылы тұрақты өсім қарқынын қамтамасыз етуге ниетті екенін атап өтті.

15 шілде, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.