Атырау, 15 шілде 15:30
 дождьВ Атырау +32.5
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

Маңғыстауда 165 жұмысшының еңбекақысы өндіріліп алынды

88 рет қаралды

Қарақия ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру барысында «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 165 қызметкеріне жалақыны уақытында төлемегенін анықтады.

Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жалақы айына кемінде бір рет және келесі айдың алғашқы онкүндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде жұмысшылардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 29 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі толық өтелді. Сонымен қатар кәсіпорынға жалақыны уақытында төлемегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Бүгін, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.