Атырау, 26 қараша 10:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шұжықтар «жерленді»

2 327 просмотра

Атырау қаласы прокуратурасының қызметкерлері өткен аптада бөлшек сауда сөрелерінен 6,6 тонна сапасыз азық-түлік өнімдерін алып тастады.

Қала прокуратурасының бөлім басшысы Нұржан ЖАНГЕРЕЕВТЫҢ (суретте) айтуынша, елдегі барлық азық-түлік қоймалары мен дүкендерге жоспардан тыс тексеру жүргізу Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша жүзеге асты. Атырауда сақтау мерзімі өтіп кеткен өнімдер «Атырау-Ақбұлақ», «Прима-Дистрибьюшен» көтерме сауда компанияларынан және бірнеше бөлшек сауда дүкендерінен табылды. 30 қазанда тәркіленген мерзімі өткен тауарлар (шұжық, құс аяғы, ірімшік, айран, қаймақ және т.б.) қалалық қоқыс сақтау орнында жерге көму жолымен жойылды. Құқық бұзушыларға айыппұл салумен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айналысады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

30 қазан 2013, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.