Атырау, 14 шілде 17:05
 дождьВ Атырау +35.5
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

​Атырауда полицияның істен шыққан «SOS» құрылғысы ауыстырылды

89 рет қаралды

Облыс орталығының ең көп адам жиналатын жерлерінде құны 9,5 миллион теңге болатын 16 шұғыл полиция шақыру құрылғысы орналасқан.

Еске сала кетейік, 2023-2024 жылдары орнатылған шұғыл байланыс құрылғылары көп ұзамай мүлдем іске жарамсыз болып қалған еді. Полиция түсіндіргендей, бұған техникалық кемшіліктер мен сапа талаптарына сәйкес келмеуі себеп болған, салдарынан қызмет көрсетушімен келісімшарт бұзылды.

Біздің жарияланымымыздан кейін бір апта өткенде Атырау облыстық полиция департаменті 16 дабыл құрпылғысын жалға алу және қызмет көрсету бойынша 9,5 млн теңгеге жаңа конкурс жариялады. Тендерді «Technology Box» ЖШС жеңіп алды, келісімшарт міндеттемелерінің мерзімі осы жылдың соңына дейін жарамды.

Бұған дейін хабарланғандай, «SOS» құрылғылары нөмір термей-ақ полицияның Жедел басқару орталығының (ЖБО) операторымен шұғыл байланыс орнатуға арналған: төтенше жағдайда көмек сұрауға немесе құқық бұзушылық туралы хабарлауға болады. Техникалық сипаттамаға сәйкес, құрылғылар жаңғырық пен шуды басатын микрофондармен, сондай-ақ ЖБО қызметкерлері сол жердегі жағдайды толық көре алуы үшін кең бұрышты бейнекамералармен жабдықталуы тиіс.

«Шұғыл шақыру батырмаларын қосу, оларды ЖБО ақпараттық жүйесіне интеграциялау, баптау және тестілеу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр және мақсаты бойынша пайдаланылуда», – деді «АЖ» басылымына полиция департаменті бастығының орынбасары Жакей Иманқұлов.

Бұрынғыдай, «SOS» құрылғылары қаланың ең көп адам жиналатын жерлерінде орналасқан:

  1. Шипажай маңындағы жағалау;
  2. Бұрынғы «Ақ Жайық» қонақүйінің жаны;
  3. Авангард ықшамауданындағы соңғы аялдама;
  4. Қалалық әкімдіктің жаны;
  5. Балықшы ықшамауданындағы Halyk Bank ғимаратына қарсы бетте;
  6. Халықаралық әуежай;
  7. Уәлиханов – Азаттық көшелері («Ас болсын» асханасы);
  8. «Атырау» СҮ (Сәтбаев даңғылы, 17);
  9. Теміржол вокзалы;
  10. Абай – Махамбет көшелері (драмтеатр);
  11. Амандосов – Сатыбалдиев көшелері (Алмагүл ықшамауданы);
  12. Әуезов – Азаттық көшелері («Додо пицца» тұрағы);
  13. Бегалиев – Баймұханов көшелері (бұрынғы «Лидер» супермаркеті ғимаратына қарсы бетте);
  14. «Көктем» базары;
  15. Жилгородок ықшамауданындағы соңғы аялдама;
  16. Х. Досмұхамедов атындағы университет.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.