Атырау, 14 шілде 15:09
 дождьВ Атырау +35.5
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

​14 шілдеде Қазақстан мен Ресейдің әуе кеңістігі уақытша жабылады

99 рет қаралды

Бұған Байқоңырдан «Союз МС-29» ғарыш кемесінің ұшырылуы себеп болып отыр. 

SHOT Telegram-арнасының дерегінше, арнайы авиациялық ескертулер (NOTAM) Қазақстан аумағында және Ресейдің Сібір мен Қиыр Шығыстағы бірқатар өңірлерінде енгізілді. 

Шектеулер Мәскеу уақытымен 17:47–18:22 аралығында күшінде болады, бұл кезеңде әуе кеңістігі жерден бастап шексіз биіктікке дейін жабылады. 

Ресейде Бурятия, Забайкалье, Тыва, Иркутск облысы және басқа өңірлер қамтылады, Қызылжар аймағында 33 әуе трассасы жабылады.

Кейбір учаскелерде шектеу FL540 деңгейіне дейін (шамамен 16,5 мың метр) қолданылады. Байқоңыр маңында ұшырылудан жарты сағат бұрын бөлек NOTAM күшіне енеді.

Жалпы ұзындығы шамамен 4,1 мың км әуе кеңістігі жабылады, оның 2,5 мың км-і Ресей аумағында. 

«Союз МС-29» кемесі 14 шілде күні 19:47-де (Байқоңыр уақыты) старт алады.

Экипаж құрамында Роскосмос ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина, NASA астронавты Анил Менон бар.

Халықаралық ғарыш станциясына ғылыми жабдықтар жеткізіледі, зерттеулердің басым бөлігі медицина-биология саласына қатысты болады. Экспедиция барысында ашық ғарышқа шығу да жоспарланған.

Бүгін, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.