Атырау, 14 шілде 14:21
 дождьВ Атырау +32.7
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

«Стоп-кредит»: қарыз алудан бас тарту қызметі қалай жұмыс істейді

93 рет қаралды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға қаржылық алаяқтықтан қорғану үшін арнайы мүмкіндік бар екенін еске салды. «Стоп-кредит» сервисі арқылы әрбір адам банктік қарыздар мен микрокредиттерді ресімдеуге өз еркімен тыйым қоя алады.

Бұл қызметті E-gov порталы немесе E-gov Mobile қосымшасы арқылы қосуға болады.

  • Компьютерден қосу үшін egov.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп, «Сервистер» бөлімінен «Қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдап, электрондық нысанды толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

  • Мобильді қосымшада Танымал қызметтер бөлімінен тиісті опцияны таңдап, деректерді толтырып, ЭЦҚ арқылы растау жеткілікті.

Қызмет іске қосылғаннан кейін азаматтың кредиттік тарихында арнайы белгі пайда болады. Бұл ақпарат банктер мен микроқаржы ұйымдарына көрінеді. Егер қарыз алуға өтінім берілсе, қаржы ұйымы оны автоматты түрде қабылдамайды. Ал белгіге қарамастан азаматтың келісімінсіз қарыз ресімделсе, ол есептен шығарылады.

Қажет болған жағдайда тыйымды кез келген уақытта алып тастауға болады. Дегенмен, бұл шектеу ломбардтар мен кредиттік бюро деректерін пайдаланбайтын ұйымдарға қолданылмайды.

2026 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша «Стоп-кредит» сервисі 6,3 миллион рет пайдаланылған.

Бүгін, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.