Атырау, 27 тамыз 01:58
 дождьВ Атырау +23.5
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42

Ұшақ бортында полицейді балағаттаған әйел сотталды

506 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Астана тұрғыны әуе кемесінің ішінде полиция қызметкерін балағаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Биылғы наурыз айында мас күйінде болған жолаушы әйел полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндетін атқарып жүрген билік өкілін көпшілік алдында қорлаған.

Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдаған іс бойынша сот әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл салды.

Прокуратура ескертеді: билік өкілін қорлау және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау үшін жауаптылық қарастырылған.

Үкім заңды күшіне енді.

14 шілде, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.