
Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға француздық қару-жарақ өндірісіне лицензия берілетінін жариялады. Бұл АҚШ қолданатын үлгіге ұқсас тәсіл болмақ, деп хабарлайды АА.
Макронның айтуынша, Украинада Aster-30 зениттік-зымырандары, AASM Hammer жоғары дәлдікті бомбалары және алыс қашықтыққа арналған SCALP қанатты зымырандары өндірілетін болады. Бұл шешім Ресеймен соғыс жағдайында Украинаның қорғаныс әлеуетін күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, Киев 16 «Рафаль» истребителін сатып алады. Француздың Dassault Aviation компаниясы шығаратын бұл ұшақтар Украина қарулы күштеріне 2028–2029 жылдары жеткізіледі деп күтілуде.
Украина сондай-ақ SAMP-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін алады. Бұл франко-итальяндық платформа зымыран және авиациялық қауіптерге қарсы қолдануға арналған.
Макрон көпұлтты күштердің Украинамен көрші елдерде бірлескен әскери жаттығулар өткізетінін де хабарлады.
В Атырау +32.7