Атырау, 8 тамыз 11:38
 дождьВ Атырау +23.5
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

Атырауда мас жүргізушілерді әуеден анықтап жатыр

Бейнежазба
664 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Атырауда патрульдік полиция жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды дрондардың көмегімен анықтап жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Жұмыс «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізіліп жатыр.

Полиция мәліметінше, қызметкерлер ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жолдардағы заң бұзушылықтарды тіркеп, заңнамаға сәйкес шара қолдануда.

Мәселен, И. Тайманов, Әбілқайыр хан және Мәденов көшелерінің аумағында жеңіл дәрежелі мас күйінде көлік басқарған «Toyota Land Cruiser 150» және «Hyundai Creta» автокөліктерінің жүргізушілері анықталды.

Сонымен қатар, Қ. Сәтбаев көшесінде қауіпті маневр жасаған «BMW» жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рөлге мас күйінде отырмауға және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырды.

14 шілде, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.