Атырау, 14 шілде 10:39
 дождьВ Атырау +24.4
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

90-жылдардағы «Балталы маньяк» СҚО-да қайтадан қамауға алынды

71 рет қаралды

Петропавлда бұған дейін 25 жыл түрме жазасын өтеп, 2024 жылы бостандыққа шыққан 62 жастағы ер адам ұсталды.

КТК телеарнасының мәліметінше, күдікті 1990-жылдары «балталы маньяк» деген атпен белгілі болған Валерий Кричиневский болып шықты. Ол сол кезде қоғамда үлкен резонанс тудырған бірнеше қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Жаңа оқиға Петропавл қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 54 жастағы әйел саяжайдан үйіне қайтып келе жатқан кезде оған көшеде бейтаныс ер адам шабуыл жасауға әрекеттенген. Әйел көмекке шақырып айқайлағаннан кейін, шабуылдаушының қармауы әлсіреп, жәбірленуші қашып құтылған.

Күдікті ізін суытпай ұсталды.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті – облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу сотының санкциясымен оған қатысты “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Азат Құсайынов.

Телеарнаның мәліметінше, Кричиневский 1990-жылдары адам аз жүретін жерлерде әйелдер мен балаларға шабуыл жасаған. Ең резонансты қылмыстарының бірі – жеті жасар мектеп оқушысын өлтіру болған.

2024 жылы бостандыққа шыққаннан кейін ол әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрған және электронды бақылау білезігін таққан.

Қазіргі уақытта ол қайтадан қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бүгін, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.