Атырау, 14 тамыз 20:40
 дождьВ Атырау +28.2
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56

NASA басшысы Байқоңырға келді

399 рет қаралды

13 шілде күні Байқоңыр ғарыш айлағында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) басшысы Джаред Айзекманмен жұмыс кездесуін өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық-американдық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, ғарыш ғылымы, астрофизика, спутниктік технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударды.

Сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен университеттер арасындағы әріптестікті кеңейту, жоғары білікті мамандарды даярлау және коммерциялық серіктестікті дамыту мәселелері қаралды.

Жаслан Мәдиев NASA-мен серіктестіктің ұлттық ғылыми-технологиялық әлеует үшін стратегиялық маңызын атап өтіп: «Қазақстан NASA-мен нақты нәтижелерге бағытталған ұзақ мерзімді практикалық ынтымақтастық орнатуға мүдделі», – деді.

Кездесу қорытындысында тараптар диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растап, бейіндік командаларға практикалық әріптестік жоспарын әзірлеуді тапсырды.

13 шілде, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.