Атырау, 13 шілде 19:11
 дождьВ Атырау +30.5
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05

Ресейлік VK және MAX мессенджері Еуропалық санкцияларға ілікті

114 рет қаралды

Еуропалық одақ ресейлік VK холдингі мен ұлттық мессенджер MAX-ты әзірлеген «Коммуникациялық платформа» ЖШҚ-ны санкциялық тізімге қосты, деп хабарлайды АА.

Бұл шешім 13 шілдеде ЕО ресми журналында жарияланып, сол күні күшіне енді. 

Санкциялар Ресейдегі адам құқықтары жағдайына байланысты енгізілді. 

Сонымен қатар, компания бас директоры Елена Багудина жеке санкцияға ілікті. 

ЕО құжатында MAX қосымшасының пайдаланушы деректерін өңдеу ерекшеліктері мен құрылғылардағы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі атап өтілген.

Санкциялар ЕО аумағында анықталған жағдайда компания активтерін бұғаттауды, ал жеке тұлғаларға ЕО елдеріне кіруге тыйым салуды көздейді. 

VK баспасөз қызметі санкциялар қосымшалардың жұмысына әсер етпегенін, сервистер қалыпты режимде қолжетімді екенін мәлімдеді.

Маусым айының соңында Apple санкциялық талаптарға байланысты VK қосымшаларын App Store-дан алып тастаған болатын. 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл шешім Apple-дің сенімділігіне күмән тудырады деп бағалады.

Бүгін, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.