Атырау, 13 шілде 18:54
 дождьВ Атырау +30.5
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05

Қайрат Келімбетов Freedom Holding Corp. директорлар кеңесінен шығып кетті

116 рет қаралды

Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов Freedom Holding Corp. директорлар кеңесінің құрамынан шықты, деп хабарлайды LS.

Компанияның топ-менеджменті құрамындағы өзгерістер туралы ресми хабарлама Astana International Exchange (AIX) биржасында жарияланды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Келімбетов 8 шілдеде өз еркімен отставкаға кеткен.

Холдингтің өзі белгілі қазақстандық экономистің кетуі ешқандай ішкі жанжалсыз өткенін нақтылады.

«Отставка оның компаниямен қызметке, саясатқа немесе практикаға қатысты мәселелер бойынша қандай да бір келіспеушіліктеріне байланысты емес», – деп атап өтіледі холдингтің ресми есебінде.

Келімбетов кеткеннен кейін Freedom Holding Corp. директорлар кеңесі мүшелерінің саны жеті адамнан алты адамға дейін қысқарды.

Еске сала кетейік, Қайрат Келімбетов Freedom Holding Corp. директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде 2024 жылдың маусымында кірген болатын. Ол әр жылдары Қазақстанда маңызды мемлекеттік лауазымдарды атқарды: Ұлттық банкті, Экономикалық даму және сауда министрлігін басқарды, Премьер-министрдің орынбасары болды, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) жетекшілік етті.

Бүгін, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.