Атырау, 14 тамыз 21:20
 дождьВ Атырау +26.4
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56

Жаркенттегі қайғылы жағдай: полиция мектеп аумағында қаза тапқан қыздың өлімін тергеп жатыр

493 рет қаралды
Сурет: Тengrinews.kz
Сурет: Тengrinews.kz

Жаркентте бесінші сынып оқушысы мектеп аумағында тоқ соғуынан қаза тапты. Қайғылы оқиға қыздың 10 жасқа толуына тура бір күн қалғанда болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға туралы редакцияға оқырмандардың бірі хабарлады. Оның айтуынша, жағдай 9 шілдеде орын алған. Мектеп ауласында ойнап жүрген қыз құлыпталмаған трансформаторлық қосалқы станцияның ішіне кіріп кеткен.

«"Электр тоғынан жарақат алу" алдын ала диагнозымен ол шұғыл түрде Жаркент ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады», — деді куәгер.

Куәгердің айтуынша ол оқиға болған күннің ертесіне, 10 шілдеде 10 жасқа толатын еді.

Бала өліміне қатысты ақпаратқа Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Іс қылмыстық кодекстің қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бабы бойынша қозғалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған нысанды пайдалануға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілік деңгейі анықталыап жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бөлек, полицейлер жаңа жазатайым оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін кез келген заң бұзушылықтарды шұғыл түрде жою үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға нұсқама жолдады.

ПД тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейтінін хабарлады. 

13 шілде, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.