Атырау, 13 шілде 17:34
 дождьВ Атырау +28.2
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05

​Ақылы жолдарда жол ақысын қалай үнемдеуге болады?

62 рет қаралды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол пайдаланушылар үшін ақылы жолдармен жүруге айлық және жылдық абонементті рәсімдеу қызметін ұсынады. Абонементті алу үшін көлік құралы ақылы жолдар учаскесіне іргелес аудандарда тіркелуі қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс.

«Абонементті рәсімдеу арқылы ақшаңызды және уақытыңызды үнемдейсіздер», — деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Абонементтердің құны көліктің санатына және жолдың деңгейіне қарай төмендегідей бөлінеді:

Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн):

  • Жеңіл көліктерге қарастырылмаған;

  • 16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: І санаттағы жолдарға – 2 АЕК (8 650 теңге), ІІ және ІІІ санаттағы жолдарға – 1 АЕК (4 325 теңге);

  • 32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: І санатқа – 4 АЕК (17 300 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 2 АЕК (8 650 теңге);

  • 32 орыннан асатын автобустар мен 10 тоннаға дейінгі автопоездарға: І санатқа – 6 АЕК (25 950 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 3 АЕК (12 975 теңге);

  • 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: І санатқа – 8 АЕК (34 600 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 4 АЕК (17 300 теңге);

  • 15 тоннадан асатын жүк көліктері, тіркемелер мен ершікті тартқыштарға: І санатқа – 10 АЕК (43 250 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 5 АЕК (21 625 теңге).

Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):

  • Жеңіл көліктер үшін – 1 АЕК (4 325 теңге);

  • 16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: І санатқа – 20 АЕК (86 500 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 12 АЕК (51 900 теңге);

  • 32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: І санатқа – 40 АЕК (173 000 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 24 АЕК (103 800 теңге);

  • 32 орыннан асатын автобустар мен 10 тоннаға дейінгі автопоездарға: І санатқа – 60 АЕК (259 500 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 36 АЕК (155 700 теңге);

  • 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: І санатқа – 80 АЕК (346 000 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 48 АЕК (207 600 теңге);

  • 15 тоннадан асатын жүк көліктері, тіркемелер мен ершікті тартқыштарға: І санатқа – 100 АЕК (432 500 теңге), ІІ және ІІІ санатқа – 60 АЕК (259 500 теңге).

Қызметті рәсімдеудің үш жолы бар. Біріншісі — 1403 байланыс орталығы арқылы: ол үшін көлік нөміріне қажетті қаражатты салып, операторға хабарласу керек. Екіншісі — Кaztoll.kz сайты арқылы: мұнда тіркеліп, көлік деректерін толтырған соң, «Абонементті рәсімдеу» бөлімінен қажетті түрін таңдайсыз. Үшіншісі — ақы төлеу пункттері немесе клиенттермен жұмыс істеу орталықтарына тікелей барып, операторлар арқылы картамен, қолма-қол ақшамен немесе интернет-банкингпен төлем жасауға болады.


Бүгін, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.