Атырау, 13 шілде 15:49
 дождьВ Атырау +28.2
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05

Қазақстан Қарашығанақтағы мұнай өндірісін қалпына келтірді

99 рет қаралды

Қазақстан энергетика министрлігі Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнында өндіріс қайта басталғанын хабарлады. Бұл елдегі ең ірі кен орындарының бірі болып саналады.

Reuters дереккөзіне сүйенсек, 1–12 шілде аралығында тәуліктік орташа өндіріс шамамен 31 мың тонна немесе 243,6 мың баррельді құрады. 

Бұған дейін, 26 маусымда өндіріс көлемі тәулігіне 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін төмендеген еді. Себеп — Орынбор газ өңдеу зауытына жеткізілетін шикі газ көлемінің азаюы. Зауыт 24 маусымда дрондар шабуылына ұшыраған болатын.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов шілде басында газ жеткізу көлемі қалыпты деңгейдің 28%-ына дейін қалпына келгенін мәлімдеді. 

«ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов те өндіріс шектеулі көлемде жүріп жатқанын айтқан.

Қарашығанақтағы өндіріс газды өңдеумен тығыз байланысты: шикі газ Оренбург ГПЗ-ға жеткізілмесе, кен орны толық қуатта жұмыс істей алмайды. Газ жеткізу келісімі 2038 жылға дейін жарамды.

Кен орнында жоспарлы жөндеу жұмыстары қыркүйек айына белгіленген. 2025 жылы өндіріс көлемі 12,13 млн тоннаға дейін төмендеген. Қарашығанақ Қазақстандағы үш ірі мұнай-газ конденсат кен орнының бірі болып табылады. Шикізат Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталады.

Бүгін, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.