Атырау, 13 шілде 15:39
 дождьВ Атырау +28.2
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05

Баянауылда мемлекет меншігіне 2 мың гектардан астам жер қайтарылды

109 рет қаралды

Баянауыл ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану кезінде заң бұзушылықтарды анықтады. 

Тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылар жалдау мерзімі аяқталғанына қарамастан, учаскелерді мемлекетке қайтармай, заңсыз қолдануды жалғастырғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, «Рымжан» шаруа қожалығы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан 680,4 гектар жерді заңсыз пайдаланған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, мемлекет меншігіне кадастрлық құны 16 млн теңгеден асатын 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.

Бұл шаралар жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға және мемлекет мүддесін қорғауға бағытталды.

Бүгін, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.