Атырау, 13 шілде 12:39
 дождьВ Атырау +26.8
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05

Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында 5 алтын жеңіп алды

115 рет қаралды
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрамасы физикадан әлемдегі ең беделді білім додасында ел тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті. Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO 2026) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль иеленді.

Биылғы жарысқа әлемнің 85 елінен 381 үміткер қатысып, күрделі теориялық және эксперименттік кезеңдер бойынша сынға түсті.

Жеңімпаздар тізімі:

  • Егенбергенова Нұргүл – NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы (Астана);

  • Азатбеков Амирбек – жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы (Астана);

  • Қазымбек Илияс – Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы (Астана);

  • Черемнов Роман – «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы (Алматы);

  • Құрман Дамир – жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы (Астана).

Бұл жетістікке құрама үш жыл бойы жүйелі түрде дайындалған. Олимпиадалық резервтің дайындық жұмыстарына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD докторы Гүлия Нұрбақова жетекшілік етті. Ал Колумбиядағы додада топты SDU университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Самат Мақсұтов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев үйлестірді.

Анықтама: Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) 1967 жылдан бері өткізіліп келеді, ал Қазақстан бұл жарысқа 1997 жылдан бері қатысады. Салыстырмалы түрде айтсақ, құрама 2025 жылы екі күміс және үш қола алса, биыл 100 пайыздық көрсеткішпен бес алтынға қол жеткізіп, тарихи рекорд орнатты.

Бүгін, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.