Үндістанда автобус бензовозға соғылып 40 шақты адам қаза тапты
2 542 просмотра
Үндістанның оңтүстік шығысындағы Андхра-Прадеш штатында жол апаты кезінде 40-тай адам қайтыс болған. Үндістан ақпарат агенттігінің хабарлауынша 48 жолаушысы бар автобус бензовозға соғылып, жарылып кеткен, деп хабарлайды ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігі.
Жарақат алған бірнеше жолаушы жақын аңдағы ауруханаға жеткізілген.
Жекеменшік туристік компанияға тиесілі автобус Карантака шатының Бангалор қаласынан Андхра-Прадеш штатының Хайдарабад қаласына бет алған екен.
Үндістан жыл сайын жол апатынан қайтыс болған адамдар санының көптігі жағынан әлемде бірінші орында. 2011 жылы жол апат кезінде 140 мың адам қаза тапса, 2012 - 150 мың адам жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған.