Атырау, 10 шілде 21:03
 дождьВ Атырау +32.9
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14

Телефоннан басталған жанжал: төрт адамды өлтірген ер адам түрмеден босатылды

125 рет қаралды

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Аршалы ауданының тұрғыны Г.-ға қатысты іс қаралды. 

Сот оның жасаған қылмысы дәлелденгенін танып, психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу шарасын тағайындады.

Г. бұрын бірнеше рет жауапкершілікке тартылған: 2016 жылы оған бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға қатысу жазасы берілген, ал 2022 жылы психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем қабылдаған. 2023 жылдан бері «параноидты шизофрения» диагнозымен психиатрдың есебінде тұр.

Қазіргі уақытта ол Алматы облысы Талғар ауданындағы қарқынды бақылауы бар республикалық психиатриялық ауруханада қатаң оқшаулау жағдайында ем қабылдап жатыр.

2026 жылғы наурызда анасының үйінде болған кезде, Г. жиені Д.-мен телефонның істен шығуына байланысты жанжалға түскен. Д. полицияға қоңырау шалғанымен, анасы жағдайды реттелді деп көрсетіп, ұлына шара қолданбауды сұраған.

Полиция кеткеннен кейін Г. ашуға беріліп, асүй балта-пышағымен үйдегілерге бірнеше рет соққы жасаған. Нәтижесінде анасы, жиені және қонаққа келген екі қарт адам оқиға орнында көз жұмған.

Сараптама қорытындысы бойынша, Г. созылмалы психикалық дертке шалдыққан, қылмыс жасаған сәтте есі дұрыс болмаған және сот алдында жауап беруге қабілетсіз болған.

Оның қоғамға қауіпті әрекеті оқиға орнын қарау хаттамасымен, төрт адамның мәйітінің табылуымен, телефон қоңырауларының жазбасымен және басқа да дәлелдермен расталды.

Сот қаулысымен Г. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1), 5) тармақтарында көзделген қоғамға қауіпті әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қарқынды бақылауы бар мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 19:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.