
Сарыағаш аудандық прокуратурасы білім бөлімі мен оған қарасты мектептерде бюджет қаражатының заңсыз жұмсалу деректерін анықтады.
Талдау барысында бірқатар қызметкерлердің сабақ өткізу және жұмыс уақытында шетелге шығып кеткені белгілі болды. Соған қарамастан, олардың жалақысы толық көлемде төленген. Мұндай жағдайлар аудандық білім бөлімінде де, мектеп мұғалімдері мен жұмысшылары арасында да тіркелген.
Нәтижесінде білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты 389 мың теңгеден астам, ал жалпы білім беру ұйымдары бойынша 15 млн теңгеден астам қаражат негізсіз жұмсалғаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жұмыс уақытында шетелге шыққан қызметкерлер мен заң бұзушылыққа жол берген басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет кірісіне 15 млн теңгеден астам қаржы қайтарылып, 680 адам жауапкершілікке тартылды.
В Атырау +38