Атырау, 10 шілде 18:27
 дождьВ Атырау +38
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14

​Ақтөбе облысында сарбаз соққыға жығылып, сержант жазаланды

104 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ақтөбе облысында әскери сот өзіне бағынышты мерзімді қызметтегі сарбазды аяусыз соққыға жыққан сержантқа қатысты үкім шығарды. Сотталушы алдағы бір жылды түрмеде өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот талқылауы барысында белгілі болғандай, мерзімді қызметтегі сарбаздар үшін тікелей жауапты болған сержант өзінің өкілеттігін асыра пайдаланып, қатардағы сарбаздардың біріне күш қолданған. Соққыға жығу салдарынан жас сарбаз бірнеше орташа ауыр жарақат алды.

Сотталушының өзі сотта кінәсін мойындаған жоқ және соңына дейін өзін толық ақтауды талап етті. Бұл ретте ол берілген азаматтық талап арызбен ішінара келісіп, жәбірленуші тараптың адвокаттарға жұмсаған шығындарын өтеуге әзір екенін білдірді.

«Сот әскери қызметшіні билікті және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, 1 жылға бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұдан бөлек, сотталған азамат зардап шеккен сарбазға моральдық шығын ретінде 700 мың теңге және сот шығындарын өтеу үшін тағы 900 мың теңге төлеуге міндеттелді», — деп хабарлады соттан.

Әскери соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ және тараптар оған шағым түсіре алады.

Бүгін, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.