Атырау, 10 шілде 15:05
 дождьВ Атырау +33.9
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14

Астанада нөмірін жасырып жүрген жүргізушіге жаза тағайындалды

122 рет қаралды

Елордада жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік нөмірін камерадан жасыруға тырысқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Shacman маркалы жүк көлігін тоқтатқан. 34 жастағы жүргізуші көлігін арнайы сымнан тұратын механизммен жабдықтап, мемлекеттік тіркеу нөмірін кез келген сәтте көтеріп-түсіріп отырған. Осылайша ол жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркейтін камералардан жасырмақ болған.

Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жүргізушінің камераға жақындаған сәтте нөмірді түсіргенін байқап, көлікті дереу тоқтатқан.

Жүргізушіге мемлекеттік тіркеу нөмірін сәйкестендіруге кедергі келтіретін құрылғымен жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция мемлекеттік нөмірді жасыруға немесе оны сәйкестендіруге кедергі келтіретін кез келген құрылғыны пайдалану заңды өрескел бұзу екенін ескертті. Мұндай әрекеттер бейнебақылау камералары арқылы да, патрульдеу барысында да анықталып, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бүгін, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.